Сирек кездесетін шие сорты 3 мың долларға сатылып жатыр 

155

0

Фото: ашық дереккөз

Жапонияның Хатинохе қаласында сирек кездесетін «Aomori Heartbeat» сортының он бес шие қорабы аукционда 500 мың иенге (3170 доллар) сатылды.

«Aomori Heartbeat» шиесі жүрек тәрізді пішімімен әрі өлшемімен ерекшеленеді, диаметрі орташа есеппен 2,5 см-ге жетеді.

Жапонияда жоғары сапалы жемістер мен жидектерді сату кең таралған. Жидектер көбінесе іскерлік серіктестерге беделді сыйлық ретінде тарту етеді. Бұл жемістерді өндіруші әдетте талғампаз логотиппен безендірілген ағаш қораптарға салады. 

Ағылшын тіліндегі түпнұсқа материалды осы сілтеме арқылы оқи аласыз.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<