«СК-Фармацияның » жаңа төрағасы тағайындалды

992

0

Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» басқарма төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

«ҚР премьер-министрінің келісімімен Есқалиев Ерхат Серікұлы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ерхат Есқалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған. «Братьев Карич» университетінің Банк ісі және сауда академиясын, Әділет Жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген. 

1999 жылдан 2003 жыл аралығында Атырау облысы әкімдігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Қаржы министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді. 

2003-2006 жылдары  «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарушы директоры. 

2006 жылдан 2008 жыл аралығында «ҚДБ-ЛИЗИНГ» АҚ басқарма төрағасы болды. 

2008-2009 жылдары – «ҚАЗТЕМІРТРАНС» президенті.

2009 жылдан 2010 жыл аралығында  ҚР Индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі. 

2010-2011 жылдары – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ президент кеңесшісі. 

2011 жылдан 2013 жыл аралығында – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті. 

2013-2015 жылдары – KAZLOGISTICS «Қазақстан көлік одағы» ЗТБ бас директоры. 

2015 жылдан 2016 жыл аралығында «Біріккен көлік-логистикалық Компания» ААҚ бірінші вице-президенті болып еңбек етті. 

2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Көлік және логистика салалық дирекциясының директоры. 

2018 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік логистикасы ішкі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.  

Еске салайық, мұның алдында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың берілген өтініштер негізінде қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<