Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер кез келген салада жүзеге асады.
Осы мақсатта Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын», «ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы Заңын», «ҚР Қылмыстық кодексін», «ҚР Әкімшлік құқық бұзушылық туралы Кодексін», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысын және тәртіптік Жарғысы» барысында түсіндірме жұмыстарын жеткізуге арналған жиын ұйымдастырылды.
Аталған жиналысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Н.Жакудаев, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға офицері (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі) әділет майоры Ә. Ерімбетов пен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері мен қызметкерлері қатысты.
Алдымен, ҚІЖД бастығының Тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасы жөніндегі орынбасары подполковник А. Жакипов «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу барысында атқарылған шаралар» тақырыбында баяндама оқыды.
Сонымен қатар, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің өкілі майор Ә. Ерімбетов жеке құрамға ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz сайтында арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» қызмет атқаратын тарауы жөнінде және сыбайлас жемқорлық мәселелері орын алған жағдайда сенім телефоны тәулік бойы жұмыс атқаратыны жөнінде кеңінен айтты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Н.Жакудаевтың айтуынша, ҚР заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық мәселесі кезінде жалған ақпарат беру, екі тараптың ымырашылдық әрекеті және қызметтік лауазымды жеке бас мүддесіне пайдалана отырып, қызметтік жалғандық жасау, пара беру, алу тәрізді істер қазіргі қоғамның кеселі. Сондықтан қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бір немесе екі адамның қолына келмейтіні белгіл, мұнымен қоғам болып күресуіміз қажет. Әскери қызметшілерді заңсыз іс-әрекетке бармау жолына шақырды.
Шара соңында сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған бейнефильм көрсетілді.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<