Қызылорда облыстық “Славяне” қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен Ассамблеяның 30 жылдығына арналған мерекелік онкүндік Масленица мерекесімен басталды.
Бүгін Славяне орталығы Достық үйінде Ашық есік күнін өткізді. Іс-шарада “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов және орталықтың жетекшісі Галина Щербакова меймандарды қарсы алып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы туралы бейнероликті тамашалады. Сонымен қатар Достық үйінің жұмысымен таныстырды.
Славяне этномәдени орталығының төрағасы Галина Щербаковаға меймандар ақ орамал сыйлады. Ал олар өз кезегінде қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтан дәм татқызды.

Айта кету керек, орталық бұған дейін де көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Олардың ішінде ұлы ақындар Абай мен Пушкиннің шығармашылықтарына арналған шаралар болды.
Алдағы уақытта рухани-танымдық іс-шаралар жалғасын таба бермек. Бұл шаралар достық пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып, еліміздің мәдени және рухани байлығын нығайтуға үлес қосып келеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<