Смағұловтар отбасы марапат төрінде

568

0

Бүгін Астана қаласында “Мерейлі отбасы – 2023” ұлттық байқауы өтті.

Қазақстан орталық концерт залында өткен республикалық кезеңде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева еліміздің барлық өңірлерінен қатысқан үздік жиырма отбасын марапаттап, бір миллион теңгеден қаржылай сыйлық табыс етті.

Биыл аталған байқауға республика бойынша 3 344 отбасы қатысып, 20 жұп жеңімпаз атанды. Олардың қатарында жерлесіміз, ғасыр жасаған майдангер Қабақ Смағұл ақсақалдың отбасы да бар.

Аудандық және облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған “Смағұловтар” отбасы республикалық кезеңге жолдама алған еді. Қос ғасырдың куәсі болған Қабақ ақсақал арқа төріне өзі барып, салтанатты шараның куәсі болып қайтты.

Ардагердің 10 баласы бар, әулетінде 22 немере, 32 шөбере, 2 шөпшегі өсіп келеді.

Астана қаласында жүрген қазалылықтар мерейлі сәттің куәсі болу үшін бас қосып, майдангердің қуанышымен бөлісті.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<