«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туып отыр. ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына Тelegram мен mGov қосымшаларын орнатып беруге көмектесіп, түрлі анықтамалар мен қызметтерді алу ретін түсіндіріп беруде.
Бүгінде мемлекеттік корпорация реестріндегі 752 мемлекеттік қызметтің 506-сы электрондық форматта қолжетімді. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетілетін қызмет саны артып отырады.
Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға көмектеседі. Көрсетілетін электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттік корпорация халық арасында қызметтерді онлайн алуды үйрететін шаралар өткізіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті. Оны ХҚО қызметкерлері жүзеге асырады. Тәртіп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгізілуі тиіс.
Бүгінде Telegram қосымшасындағы eGovkzbot арқылы 24 қызмет қолжетімді. Жүйе іске қосылғаннан бері қызмет алушылар саны артып, тұтынушылар тарапынан қызығушылық белгілері көптеп көрініп отыр. 24 мемлекеттік қызмет түрін үйден шықпай-ақ өздігінен алу мүмкіндігін игеріп отырған халық ризашылығын білдіруде.
Халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында, мемлекеттік корпорация қызметкерлері емхана, әскери бөлім, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерге барып, қосымшаларды пайдалану ретін үйретіп отырады.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылорда
қалалық №2 бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<