Социалистік Еңбек Ерлерінің кеуде мүсіндері қойылды

420

0

Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойы аясында аудан орталығындағы «Тағзым» аллеясына Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің кеуде мүсіндері қойылды. 

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов бастаған бірқатар ел ағалары, аудан басшылығы, ардагерлер қауымы, республиканың түкпір-түкпірінде қызметте жүрген жерлестеріміз, қадірменді қонақтар және аудан тұрғындары қатысты.

Шара барысында Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің өміржолынан, халыққа қалтқысыз қызметтерінен бүгінгіге үлгі боларлықтай естеліктер айтылып, өнерпаздар жырдан шашу шашты. Шара соңында кеуде мүсіндерінің алдына гүл шоқтары қойылды.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<