Соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

875

0

Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы барлық соғыс ардагеріне барып, Президент атынан құттықтап, құрмет көрсетті.

Аймақ басшысы қазалылық майдангер Тілеуберген Тобабергеновтің отбасында болып, майданда көрсеткен ерлігінің өскелең ұрпаққа өнеге екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, бұл құрмет бір күнмен шектеліп қалмайтынын, олардың ерлігі әрдайым дәріптелетінін жеткізді.

«Сіздің неміс басқыншыларынан Белоруссия, Польша, Чехословакия, Калининград қалаларын азат етуге қатысып, Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алып, елге оралғаныңызды білеміз. Отты жылдары жанқиярлықпен көрсеткен ерлігіңіз ешқашан ұмытылмайды. Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қорғаны болғандарыңыз үшін Сізге бас иеміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Мерейлі күнде майдангердің иығына шапан жабылып, арнайы сыйлық табысталды.Соғыс ардагері Тілеуберген Тобабергенов ақ батасын арнап, елді бірлікке шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<