Солтүстік Корея жаңа ядролық қаруды сынап көрді

549

0

Фото: Pixabay

Солтүстік Корея билігі АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның жаттығуларына жауап ретінде Haeil-5-23 су астындағы ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform ТАСС-қа сілтеме жасап.

– 15 қаңтардан бастап үш күн бойы америкалық атом тасымалдаушысы Carl Vinson, көпфункционалды Aegis жауынгерлік жүйесімен жабдықталған Princeton крейсері, Жапонияның өзін-өзі қорғау отряды әскери-теңіз күштерінің кемелері мен Корея Республикасының әскери-теңіз күштері Чеджу аралының айналасындағы теңізде біріккен теңіз жаттығуларын қайта өткізді, – деді ЦТАК. — Бұған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс Академиясы жанындағы суасты қару-жарақ жүйелері институты Шығыс теңізінің су айдынында әзірленіп жатқан «Хэил-5-23» ядролық қаруының суасты жүйесін сынақтан өткізді.

2023 жылдың 24 наурызында «Корея дауысы» радиосы КХДР 21-23 наурыз аралығында жарылыстан кейін радиоактивті цунами тудыруы мүмкін ядролық зарядты тасымалдауға қабілетті жаңа суасты қаруын сынақтан өткізгенін хабарлаған болатын.

Оның миссиясы – су астында жасырын жүзу арқылы ауыр радиоактивті цунами тудырып, жаудың кемелер тобы мен портын жою.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<