Соңғы үш аптада 12 бала терезеден құлап кеткен

719

0

Жыл басынан бері көпқабатты үйдің терезесінен 26 бала құлап кеткен. Оның ішінде 12 оқиға мамыр айындағы 20 күн ішінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлгіне сілтеме жасап.

Терезеден абайсызда құлап кететін балалардың көбі – 2 мен 8 жас аралығындағылар. Көктем-жаз кезеңі басталып, тұрғындар пәтерді жиі желдете бастады. Карантин жағдайында балалар көп уақытын үйде өткізеді.

Ал ата-аналар мен туыстары үйден жиі шығып кетеді немесе балалардың әр нәрсеге құмарлығын естен шығарып, үй жұмысымен алаңсыз айналысады. Балалар ашық терезенің қаншалықты қауіпті екенін білмей, жақын барып ойнайды. Қазіргі терезелер балалардың өздері ашып алуына өте ыңғайлы. ІІМ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

– Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз.

– Терезенің қорғанышы болмаса москит торын пайдаланбаңыз

– Баланы, әсіресе, терезе мен шыны есіктердің жанында қараусыз қалдырмаңыз.

– Бала терезе алдына шықпас үшін терезенің жанына жиһаз қоймаңыз.

– Балалардың терезе жанындағы жиһазға немесе төсекке секіріп ойнауына жол бермеңіз.

– Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету маңызды. Ересек балаларға кішілерге қарауды үйрету керек.

– Балалар бөлмесінің терезесіне керек-жарақты мұқият таңдаңыз. Атап айтқанда, күннен қорғау құралдары – жалюздер мен рулонды перделер жарқырайтын баулар мен тізбектерсіз болуы тиіс.

«Балалардың үйдегі қауіпсіздігіне бірінші кезекте ата- ана жауапты» деп ескертеді Ішкі істер министрлігі.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<