«Сот кабинеті» – электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы электрондық құжат нысанында сотқа құжаттарды беру мүмкіндігін көздейтін бағдарлама болып табылады. Бұл сот жүйесінің сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығы мен жариялылығын қаматамасыз етудің құралдарының бірі болып табылды.
Сонымен бірге, сотта жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол берілмейді және барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.
Елбасының Судьялардың VІ-сьезінде берген тапсырмаларын және Сьездің қаулысын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен жергілікті соттардың интернет-ресурстарында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» электронды сервистері іске асырылды.
Жеке тұлғалар мен олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.
«Сот кабинетінде тіркелген» адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдалаушысы болып табылады. «Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.
Электрондық құжаттарды беру беру сервисін пайдалаушы «Сот кабинетіне» авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін, талап арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алады.
«Сот кабинеті» арқылы талап арыз беру үшін интернеттегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының интернет-ресурсындағы www.sud.kz сайтына кіріп, сайттың оң жақ шетінде «Сот кабинеті» қосымша бетіне кіріп, қарапайым ғана тиісті әрекеттерді жүзеге асырып, арызыңызды тиісті сотқа жөнелте аласыз. Бұл талап арыз сотқа түсіп, қабылданған уақытта тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Бұл сервис тиімді әрі көп уақыт алмайды.
Соттарды бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамытуды, қолданыстағы байланыс арналарының жылдамдық көрсеткіштерін арттыруды, жасалған ақпараттық ресурстарды құрылымдаудан тұратын қазіргі заманғы жоғары өнімді техника мен инфракоммуникациялық технологиялармен қамтамасыз ету басым бағыт болып белгіленеді.
Сонымен қатар, бұл жүйе процессуалдық нормалар мен сот этикасын мүлтіксіз сақтауды талап етеді. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында, процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен танысуға, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар болуға мүмкіндіктер жасалған.
Осылайша, бүгінгі күні, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізіліп, сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдер пайдаланылып, ақпараттық технологиялар арқылы Қазақстан халқына көптеген ақпараттық қызметтер көрсетіліп, Республиканың сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігі және ашықтығын одан әрі арттыруға қажетті жағдайлар жасалды. Қорытындылай келе, жалпы кез-келген азамат бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін білгені жөн деп санаймын.
Алтынбай Бақытжан,
Қызылорда қалалық
№2 сотының бас маманы
Қызылорда қалалық
№2 сотының бас маманы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<