Сот сараптамасының рөлі артып келеді

1511

0

Еліміз үшін ең басты құндылық – адам және оның құқы. Әрине, құқық пен бостандықтың сақталуында ең алдымен әділет органдарының қызметі орасан зор. Әділеттілікті қамтамасыз етуге ұзақ ғасырлардан бері үлес қосып келе жатқан сот-сараптамалық қызметтің тарихы мен бүгініне тоқталсақ, тарих пен бүгінді тұтас қарамай қазіргі жетістігіміз бен кемшілігімізді салыстыру және ажырату мүмкін емес.

Қазіргі таңда сот сараптамасының рөлі артып келеді. Осыған орай зерттеудің заманауи ғылыми-техникалық құралдары мен әдістерін сот өндірісіне енгізудің негізгі арнасы болып табылады.

Атап айтқанда, Астанадағы халықаралық заң форумы шеңберінде сот-сараптама қызметінің заңнамалық негіздерін дамытуды; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша бәсекелестік қағидатын іске асырудағы сараптаманың рөлін арттыруды; жеке сот сараптамасы институтын қалыптастыруды; сараптама кадрларын іріктеу, кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру талқыланған.

Қазақстан республикасы 1997 жылы ТМД арасында алғашқылардың бірі болып «Сот сараптамасы туралы» заң қабылдағанын, ол маңызды саяси шешімді – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай сараптама жүйесіне бере отырып, қылмыстық қудалау органдарынан сот сараптамасын жүргізу функциясын алып тастауын көрсетеді.

Бұл заңның қабылдануы сот-сараптама органдарының бұрын болған жүйесінің жұмыс істеуіндегі елеулі кемшіліктерді жоя отырып, бір ведомство шеңберінде сот сараптамасын жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта сот медицинасы, психиатрия және наркология саласы есебінен оның іріленуіне байланысты сот-сараптама қызметін ұйымдастыру саласындағы елеулі өзгерістерге байланысты заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің өндірісінде.

Заң жобасы денсаулық сақтау жүйесінен ҚР ӘМ-не беру арқылы бір ведомствода сот сараптамаларын жүргізу жөніндегі мемлекеттік функцияларды орталықтандыруды; сот сарапшыларының ғылыми әлеуетін қалыптастыру үшін жағдайлар жасауды; мемлекеттік емес (жеке) сот сараптамасы институтын одан әрі дамытуды ынталандыруды; сот төрелігі процесіне қатысатын азаматтар мен ұйымдардың құқықтық қорғалуын, сот сарапшысы лауазымының беделін арттыруды және оның әлеуметтік қорғалуын көздеді.

Сот сараптамасы – сот өндірісіндегі арнайы сараптамалық білімдерді заңды және ғылыми негізделген түрде қолдану мақсатымен сот сараптамасының әдіснамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру және дамытудың заңдылықтарын анықтауға бағытталған білімнің саласы.

Сот сараптамасы дегеніміз – әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша нақты деректерді, мән-жайларды арнайы ғылыми білімді қолдана отырып анықтау. Сот сараптамасы сот өндірісіндегі зерттелетін оқиғалар мен мән-жайларды анықтау қызметі ретінде заңды нысанда ғылыми жағдайларды жүзеге асыратын сот сараптамасының жалпы теориясы.

Сот сараптамасының жалпы теориясының мазмұны ғылыми білім ретінде оның міндеттері мен мақсаттарының ерекшеліктерінен туындайды.

Біліктілікті дамыту – өзекті және сараптама өндірісінің негізгі кепілі. Сондықтан, сарапшылар әрқашан ізденіс үстінде болуға тиіс. Әсіресе  жаңа технологиямен жұмыс істейтін зерттеу салалары қосымша біліктілікті арттыруды талап етеді. Осы міндет Қазақстанның құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен құқық қор­ғау жүйесін модернизациялаудың мем­лекеттік бағдарламасының «Сот-са­раптама кадрларының біліктілігін арт­тыру және оларды қайта даярлау» жоспарында қамтылды.

Адам баласы талай замандардан бері әрқашан әділдікті іздеген. Әділдікті қамтамасыз ету шыншыл сот жүйесі арқылы жүзеге асады. Ал сот жүйесін нақты ғылым саласының сапалы зерт­теуі мен айғақтарды дәйектілігі, яғни сот сарапшыларынсыз елестету мүм­кін емес. Сол себепті ерте заманнан ­бері әлемнің әр түкпірінде білімді адам­нан айғақ заттарды зерттеп қарау дәс­түрі қалыптасып келді. Сарапшылық ­технология мен жалпы ғылымның –дамуымен қатар сарапшылық дәстүр де алға жылжып отырады.

                                                           Б.Б.САДУОВ,

                                                Қызылорда облысы бойынша

                                                         сот сараптамалары институт

                                                                 директорының сот-медициналық

                                                                   мәселелері бойынша орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<