Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республика аумағында міндетті күші болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ата Заңында атап көрсетілген. Сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуы елімізде заңдылықтың қатаң сақталатындығын көрсетеді. Сот актілерінің орындалуы-борышкерлердің әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты. Жасыратыны жоқ, кейде атқарушылық өндіріске қатысты заңнамада көрсетілген 2 айлық мерзімде діттеген мақсат жүзеге аспайды. Өйткені оған азаматтардың төлеу мүмкіндіктерінің төмендігі мен мүліктерінің болмауы және борышкерлердің жұмыссыз жүруі кедергі келтіреді. Бүгінгі таңда сот орындаушылары үшін алименттік төлемдерді өндіру аса қиын істердің бірі болып тұр.
Алайда, Қазақстан Республикасының балалардың құқығын қорғау жөніндегі заңдарының қойып отырған талаптарын орындау бүгінгі таңдағы күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті, ата-аналарынан балалардың оқып білім алуына (оқу құралдары, мектептік үлгідегі киімдері), сондай-ақ, олардың тұрмыстық жағдайының тиісті дәрежеде болуын қамтамасыз етуге міндетті.Туған баласынан тапқан табысын, дүние-мүлкін жасыратындар арасында автокөліктерін жүргізуші куәлігімен берілген көлік құралын басқару құқығының қолданылуын қарызы өтелгенше тоқтатыла тұрған кезде ғана оны алып қалудың амалын іздестіріп, тез арада қаражат тауып, берешегін өтейтіндер де аз емес. Сөзімізге түрткі болған жәйт: Жаңақорған аудандық сотына ұсыныс беруші Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Н-ның борышкер И-ға берілген көлік құралын басқару құқығының қолданылуын тоқтата тұру жайлы ұсынысы ісі қаралды. Жазылған жайдың уәжінде: Жеке сот орындаушы Н-ның өндірісінде Түркістан қалалық сотының 2016 жылғы 1 тамыздағы шешімі негізінде жауапкер И-дан талап қоюшы А-ның пайдасына алимент өндіру жайлы 2021 жылғы 12 тамызда қозғалған алимент өндіру туралы атқарушылық іс тіркелген.
Және борышкердің өндіріп алушының пайдасына алименттен берешегі 4117909 теңгені құрағаны анықталды. Борышкер түсінігінде көлік құралының табыс көзі болып табылатынын көрсеткенімен, өзінің уәждерін бекітетін дәлелдемелерін сотқа ұсынбаған. Борышкердің тарапынан сот шешімін орындамай, өндіріп алушының бұзылған құқығын қалпына келтіруде немқұрайлық танытып, алимент бойынша берешектің көп мөлшерде жиналып қалуына жол берген. Аудандық соттың ұйғарымымен жеке сот орындаушысының ұсынысы қанағаттандырылып, борышкердің 2020 жылғы «ВС» санатындағы жүргізуші куәлігімен берілген көлік құралын басқару құқығының қолданылуы алимент берешегі өтелгенше тоқтатыла тұрды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<