Сот шешімін орындау тәртібі

376

0

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022-2023 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру жұмысы жайлы жиын өтті.

Онда сот төрағасы Асхат Сабыров сөз алып, осы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыс туралы айтып берді.

Сот төрағасының айтуынша, жыл басынан бері азаматтық істердің қаралуы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тең деңгейде орындалып отыр. Атап айтар болсақ, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына биылғы жылдың 3 айында 1 азаматтық іс және 150 талап қою арыз түскен. Осы есепті мерзімде 138 азаматтық іс өндірістен аяқталса, өткен жылдың осы мерзімінде олардың саны 103 істі көрсетіп отырғаны анықталған.

– Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын істер көбіне-көп әртүрлі деңгейде орын алады. Сондықтан олардың шешілу жағдайларыда түрлі деңгейде болады. Мәселен Тасбөгет кенті аумағында неке-отбасы қатынастары саласындағы даулар, әкелікті анықтау және алимент өндіру, ата-аналық құқығынан айыру, баланың тұрғылықты жерін анықтау, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатына жолдау секілді жұмыстар атқарылды. Жеке ұйғарым бойынша азаматтық істер бойынша сотпен есептік кезенде 3 жеке ұйғарым қабылданған. Биылғы 3 айда барлығы 14 іс қысқартылған. Барлығы да медиация тәртібімен қаралған. Жыл басынан тараптардын өзара татуласуына байланысты, сотқа дейінгі хаттама жасауымен 2 азаматтық іс қаралды. Оның ішінде 2 азаматтық іс бойынша медиация тәртібі қолданылды. Құқық бұзушылықтың және отбасы кикілжіңдердің алдын алу мақсатында алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттағы жұмыстар жыл бойы жалғасын таба бермек, – дейді Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров өз сөзінде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<