Сот төрелігі қалай жүзеге асуда?

387

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылы әкімшілік іс жүргізу бойынша облыс көлемінде 295 іс татуласу рәсімдерімен аяқталған. Ал, азаматтық істердің 2 324-і медиация тәртібімен оң шешімге келген. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы айтылды.

– Былтыр облыстық сотқа 1 239 әкімшілік іс қарауға түсті. Әкімшілік істі қарау барысында анықталған заң бұзушылықтар мен оларды жою және алдын ала болдырмау мақсатында 98 жеке ұйғарым шығарылды. Сонымен қатар, сот төрелігін жүргізу сапасы бойынша аппеляциялық сот алқасына 260 әкімшілік іс бойынша шағым түсіп, оның 92-і өзгеріссіз қалды, – деді Қызылорда облыстық сотының судьясы Шолпан Маликова.

– Өткен жылы облыс соттарының өндірісіне талап қою бойынша 21 670 арыз түскен. Бұл істердің басым көпшілігі – банк келісім-шарттары мен нотариалдық іс-әрекеттерге шағым жасау санатындағы арыз-шағымдар. Есепті мерзімде соттармен 17 435 іс аяқталды. Оның ішінде 10 081 іс шешім шығарумен, 2 035 іс сот бұйрығымен, 5 056 іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен, 2 563 іс татуласу рәсімдерімен оң шешімін тапты, – деді азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мақсұт Текетаев.

– 2023 жылы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына барлығы 246 іс түсті. Соның ішінде, 153 іс өзгеріссіз қалса, 40 іс талапқа сәйкес өзгертілді. Ал аппеляциялық сот алқасында 16 қаулының күші жойылып, 37 қаулы өзгеріске ұшырады, – деді Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Бекжанов.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<