СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ САПАСЫ

318

0

СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ САПАСЫ Бүгінде сот жүйесін дамыту, сот төрелігінің жауап­кершілігін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 

Өткен жылдың 26 жел­тоқ­­санында және биылғы жылдың 21 қаңтарында мем­лекеттік сатып алу, мен­шік құқығын қорғауды кү­шейту және сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысының «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары және Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында берілген тапсырмаларына сай жүргізілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген түзетуге сәйкес, енді өнім беруші тұрақсыздық айыбын төлеп, шарттық міндеттемелер толық орындалса, тапсырыс берушіге келтірілген залал болмаса, тапсырыс беруші өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қаты­сушысы деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті емес.

Бұл өзгеріс тапсырыс беруші мен өнім берушіге тиімді әрі экономикалық сот­тарға осы санаттағы талап арыз­­дардың түсуін біршама азайтады.

Сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның «Мемлекеттік сатып алу про­цесі», «Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер», «Орта­лық­тан­ды­­рылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі», «Әлеуетті өнім берушіге қойы­латын біліктілік талаптары», «Әлеуетті өнім беру­шінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары», «Мем­лекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізі­лімдер», «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері», «Уәкілетті органның құ­зыреті», «Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай опе­ра­тордың өкілеттіктері», «Конкурс, аукцион, баға ұсы­ныстарын сұрату, бір көз­ден алу, тауар биржалары арқылы тәсілдермен мем­лекеттік сатып алуды жүзеге асыру», «Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу», «Шағым жасау» ережелері қаралған баптарына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүк­те­месін оңтайландыру мә­се­лелері бойынша қабыл­данған өзгерістер мен толықтырулар да бірінші кезекте ел тұр­ғындарының мүддесін қор­ғауды көздейді.

Түзетулер бойынша аза­маттық процестік заң­на­ма­мен даусыз істер бойынша нотариусқа жүгіну талабы белгіленді. Енді нотариалдық жазба бойынша өндіріп алу мүмкіндігі болса, тараптар сотқа жүгінбейді. Сотқа жү­гін­ген жағдайда судья талап қою арызын қайтарады, егер талап қоюшы дауласу ниетінен қайтпаса, заңда белгіленген дауды реттеудің соттан тыс тәртібін бұзса, судья іс бойынша сот шығыстарын талап қоюшыға жүктейді.

Жалпы бұйрық арқылы іс жүргізудің 18 талабының 9-ы нотариатқа оңайлатылған тәртіппен іс жүргізудің 12 санаттарының 10-ы бұйрықтық іс жүргізуге берілді.

Қызылорда облысы соттары 2018 жылы 4500-ге жуық сот бұйрығын шығарса, олардың 50 проценттен астамы ағымдағы жылы нотариатқа берілетін талаптар.  

Сот жүктемесін оңтай­ландыру бағытында сот орын­дау­­шыларының әрекетіне бе­­­рілетін 18 санкция ішінен сотқа екеуі ғана қалдырылды (күштеп әкелу және елден тыс шығуға тыйым салу). Істердің басым көпшілігі қара­латын Қызылорда қа­лалық соты 2018 жылы берген санкция саны 63914 болса, жоғарыда көрсетілген сотқа қалдырылған екі түрі бойынша 17025-ті немесе 27 процентін ғана құрайды.

Банк шоттарына тыйым салуды санкциялау және банк құпиясын құрайтын ақпаратты талап ету прокуратураның өкілет­тігіне берілді.

Сондай-ақ, сот орын­дау­шысының қаулысын сот не прокурор материалдар санк­циялауға келіп түскен кезден бастап бұрынғыдай дереу сол күні емес, үш жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.   

Бұл жаңа бастамалардың барлығы құқық үстемдігін арттыруда, еліміздің тұрғын­дарының құқықтары мен заң мүдделерін қорғауда, сот төре­лі­гінің сапасын жақ­сар­­туда жемісін береді деп сенеміз.

 

Ә.ШЫҒАМБАЕВ,

облыстық соттың 

азаматтық істер жөніндегі 

сот алқасының төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<