СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ЖЕТІ ТҮЙІНІ

761

0

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша 7 басым бағытын ұсынды. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңға тарта ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба «Сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталды.
Сот жүйесін дамытуға ба­ғыт­талған жоба 7 бағытты қам­тиды: «Мінсіз судья», «Үл­гі­лі сот», «Әділ процесс», «Е-сот», «Сапалы нәтиже», «Оң­тайлы орта», «Сотсыз тату­ласу орталығы». Бұл жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының не­гізін құрды. Ол сот жүйесін жа­ңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ мін­деті – қоғамның сотқа деген се­ні­мін арттыру болып табылады.
Е-сот шеңберінде халық пен сот қызметкерлерінің ІТ қыз­меттерін жүз пайыз пайдалануына жағдай туғызылмақ. Ол үшін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қо­лайлы электрондық сервистер жасалады. «Оңтайлы орта» бағ­дарламасы қоғам мен соттар арасында тиімді қарым-қа­тынасты орнатуға арналған.
Ал, «Үлгілі сот» жобасының мақсаты 2020 жылға дейін сот төрелігі жүйесіне халық сенімін арттырып, соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру.
Халық сенімі мен құрметіне ие болуда судья жұмысының маңызы зор. Бұл ретте «Мінсіз судья» жобасы жүзеге аспақ.
Жобаның соңғы түйіні «Сот­сыз татуласу орталығы». Бү­гінде аймағымызда татула­су орталығы ашылып, онда аза­мат­тарға медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, психологтар және сот орындаушылары біріге көмек көрсетеді. Мұның барлығы ел азаматтарының игі­лігі үшін жүзеге асуда.
Сондықтан сот саласын са­палық деңгейге көтеріп жатқан «7 түйін» жобасынан әлі де кү­теріміз мол.
Айбек ӘБУ,
Қызылорда қаласы
№2 сотының төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<