Сотқа дейінгі хаттама

1711

0

 Сот жүйесінде де дауды сотқа дейін татуластыру рәсімдері ерекше орын алуда. Осыған орай, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі-АПК) енгізілген «Сотқа дейінгі хаттама» жаңа институты қолданысқа енді.

Бұл дегеніміз – тараптар арасындағы даудың сот процестерінсіз, яғни соттан тыс тәртіппен шешудің тағы бір мүмкіндігі туды.

Ендігі кезекте, ҚР АПК-нің  73-бабының 1 бөлігіне тоқталсақ:

«Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.». Яғни, сотқа дейінгі хаттама  тараптарға талап қоюы өндіріске қабылданғанға дейін, екінші тараптың ұсынған дәлелдемелерін білуге, өзара алмасуға және туындаған дауды бітімгершілік жолмен шешуге жол ашады.

Алайда, тұлға осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда істі сот талқылауына дайындау барысында не сот талқылауы барысында ашылған және сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге ғана сүйенуге құқылы. 

Қалыпты кездегі талап қоюлар бес жұмыс күні ішінде қабылданса, мұндай жағдайда талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, татуласу рәсімін қолдану – тараптар арасындағы моральдық және материалдық шығындардың азайып, дау-жанжалсыз өзара ортақ шешім тауып, қарым-қатынастың жақсы жаққа бет бұруына әкеледі.

Алдағы уақытта, бұл жаңашылдықтың пайдасы мен тиімділігі өз септігін тигізері анық.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<