Рақымшылық жасалды

862

0

ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарды есепке алу, жеке істерін тіркеу, есебін жүргізу мекемелердің арнайы есепке алу бөлімі жүзеге асырады. Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Мерей Табылғанованың жұмыс барысымен таныстық.

Әділет аға лейтенанты М.Табылғанованың айтуынша мекемеге қабылданған әрбір сотталған туралы мәліметтерді, жеке істерін зерделеп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына сотталғандар туралы және бір тәулік ішінде – жазалардың орындалуы туралы мәліметтерді енгізеді.

Сондай-ақ, мекемеге келгені әрбір сотталған туралы екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа, оның жұбайына, сотталғанның таңдауы бойынша туыстарының біріне немесе заңды өкіліне хабарлама жібереді. Сотталған азаматтармен жеке қабылдаулар жүргізіп, жаза өтеу мерзімдері туралы ҚР заңнамаларына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Арнайы есепке алу қызметкерлері үкімдерді орындау кезінде туындаған кез-келген түрдегі күмәндармен түсініксіз жайттар бойынша сотталғанның сотынан түсіндірме сұратады. Сотталғандарды құжаттандыру жұмысын да арнайы есепке алу  бөлімі жүргізеді. 2022 жылдың 3 айында  5 сотталғанның жеке куәлігі қайта жасалды.

– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы мекемеде жазасын өтеуші 39 сотталғанға қолданылып, Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен 34 сотталған жазадан босатылып, 5 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды. Жыл басынан мекемеден мерзім соңымен 15 сотталған , шартты түрде мерзімінен бұрын 6 сотталған босатылса, 17 сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды, – дейді әділет аға лейтенанты М.Табылғанова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<