Сотталғандар психосоматиканы зерделеді

751

0


ЗК-169/5 мекемесінің психолог мамандары босатылу мерзімі жақындаған сотталғандармен кездесіп, «Психосоматикамен жұмыс», «Отбасылық жанжалдар», «Қоғамда орын таба алмау» тақырыбында сабақ өткізді. Яғни жазасын өтеушілердің өз-өзімен жұмыс жасауына, отбасымен қарым-қатынасын нығайтуына мүмкіндік жасалды.

− Адам ызаланса, қорықса, қайғырса, «қысу» механизмі іске қосылады. Керісінше, қызығушылық танытса, қуанса, жүрек секіріп кетердей болады. Жағымсыз эмоцияларды жанымызға жуытпау мүмкін емес. Ашуланбайық, қайғырмайық, уайымдамайық десек те, сезімімізге ерік береміз. Мұнымыз дұрыс. Себебі ашуға булыққан адам ұзақ уақыт бойы шеше алмай жүрген мәселенің нүктесін қоя салады, айта алмай жүргенін айтады. Сол арқылы өз өміріне қатысты маңызды шешім қабылдайды. Қорыққан адам ең алдымен өзін ойлайды. Бұл да керек сезім, − деді «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының психологы Алмагүл Аяғанова.
Маманның сөзін жазасын өтеуші де қуаттап, ризашылығын білдірді. Сабақ барысында психолог маманы Алмагүл Аяғанова әр аурудың психосоматикасын жіктеп түсіндіріп берді. Кез-келген аурудың туындауына өзіміздің мінез-құлқымыз бен көңіл-күйіміз әсер ететінін білдік. Мәселен ойға берілгеннен бас ауруы, жақындарымыздың жағдйларына көп алаңдағаннан бүйрек пен бауыр мазалайтынын түсіндік,-дейді сотталған.
Шара соңында сотталғандар психилогиялық сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

ЗК-169/5 мекемесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<