Сотталғандар ұлттық ойындар сайысына қатысты

447

0

Қазалы ауданында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастарының басын қосқан «Наурыз думан» мерекелік шарасы өтті.
Шараға колледж студенттері, ерікті жастар және пробация есебіндегі сотталған жастар қатысты.

Мерекелік шарада жастар арқан тартыс, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, асық ату және гір көтеру сынды ұлттық спорттың түрлері бойынша сайысқа түсті.
Шара жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Командалық есеппен арқан тартыстан аудандық пробация есебіндегі сотталғандар жүлделі 1орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<