Спорт кешенінің құрылысының барысын көрді

222

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Бесарық ауылында салынып жатқан спорт кешені құрылысының барысын көрді.

Спорттық нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме – «SCS Инжиниринг» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі таңда кешен құрылысының 80 пайыз жұмысы аяқталып, ішкі жұмыстар атқарылуда.

Аудан әкімі спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор екенін атап, оның сапалы салынуы басты шарт екенін айтты. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына тапсырма берді.

Сырдария ауданы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<