Спорт клубы күрделі жөндеуден өтті

338

0

Бүгін Қызылорда облысының 85 жылдық және Сырдария ауданының 95 жылдық мерейтойы ауданда кең көлемде аталып өтіп, оның барысында аудан меймандары күрделі жөндеуден өткен спорт клубы жұмысымен танысты.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев өңірімізде спорт саласын дамытуға зор қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында ұлт денсаулығына жете мән беріп, көпшіліктің тұрақты спортпен шұғылдануына барлық жағдайды жасауды міндеттеді. Осы ретте, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың зор қолдауымен ауданда спорт саласын дамытуға зор көңіл бөлініп, заман талабына сай спорт алаңдары, стадиондар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда. Осының негізінде тұрғындардың спортпен шұғылдануына аса мән берілуде. Толық күрделі жөндеуден өткен спорт клубы – осы жұмыстардың нақты дәлелі деуге болады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

1976 жылы салынған спорттық нысанға бұған дейін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Биыл қайта жаңғыртудан өткеннен кейін қажетті кабинеттер мен спорт үйірмелеріне арналған барлық қажеттіліктер қосылып, заманауи үлгіде жаңарды. Спорт клубында баскетбол, волейбол, футбол, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, қол күрес, гір спорты, жекпе-жек, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен үйірмелер тұрақты жұмыс жасайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<