«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды

664

0

«Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасын жүкті әйелдерге препараттың ана үшін күтілетін пайдасы іштегі нәрестеге ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек. Препаратқа арналған жаңартылған нұсқаулықта осылай делінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Жүктілік кезінде «Гам-ковид-вак « препаратын клиникалық қолданудың тәжірибесі жоқ. Жануарларда репродуктивтік уыттылықты зерттеу барысында жүктіліктің өтуіне, эмбриофеталдық дамуына (аналықтарда) және ұрықтың пренаталдық дамуына теріс әсері анықталған жоқ. Осыған байланысты жүктілік кезінде «Гам-ковид-вак« препаратын күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек», – делінген құжатта.

Алайда, емізу кезінде «Спутник V» екпесін салдыруға болмайтыны айтылған. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың сөзінше, вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелерін, сондай-ақ тіркеуден кейінгі зерттеулер кезінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректерді ескере отырып, сарапшылар жүкті әйелдерге «Гам-ковид-вак» вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді алып тастау туралы шешім қабылдаған. Министр: «Осылайша коронавирус инфекциясының ауыр ағымының қаупі жоғары жүкті әйелдерді вакциналау мүмкіндігі ашылды», – деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<