«Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасының аясында ағымдағы жылдың 29 маусым күні Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағындағы шомылуға тыйым салынған аймақтарда қала тұрғындарына қауіпсіздік туралы, суға түсу ережелері туралы түсіндірме қоғамдық бақылау өткізілді. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қайраддин Баймаханов, Берік Саймағанбетов, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы аға лейтенанты Төремұрат Мақсат Серікұлы қатысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<