Үш жыл бұрын 16 жасар Англиялық Бо Джессап Special Name атты сервисті іске қосты. Special Name кішкентай балаға оның мінезі мен ерекшелігіне қарай ағылшынша есім таңдап береді. Джессапқа стартап идеясы Қытайда саяхаттап жүргенде келген. Оған қытайлық әріптесі өз баласына жақсы естілетін, шетелдіктерге айтуға оңай ағылшынша есім таңдап беруін сұрайды. Бо еш қиындықсыз айтып береді. Осылай оның табысты стартабына идея келеді.
Қазір қытайлық балалардың екі есімі бар: бірі – өз есімі, екіншісі – шетелдіктермен араласқанда қолданылатын ағылшынша есімі. Екінші есімді көбіне оқушылардың ұстаздары таңдап береді. Сондықтан кейде Гэндальф, Попкорн сияқты сирек есімдер беріліп жатады.
Бо Джессап Қытай тұрғындарына көмектеспек болып, әкесінен қарызға ақша алып, бағдарлама әзірлейтін адам жалдап, жүйеге балалар кітабынан түрлі адам есімдерін енгізе бастайды. Осылайша Special Name сайты дүниеге келді. Сервис үш минут ішінде баланың сипатына, мінезіне қарай бірсыпыра нұсқа ұсынады. Қолданушы өзіне ұнағанын таңдап алады. Басында Special Name тегін болған, бірақ кейін қызметтің өз бағасы пайда болды.
Дереккөз: massaget.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<