STEM-білім беру – зерттеуге негізделген оқыту тәсілі

1412

0

Қазіргі жағдайда көптеген жұмыстар мен әрекеттерді роботтар, компьютерлер, сандық технологиялар орындауда. Демек, стандартты емес ойлаудың жаңа креативті тәсілдері, жеделділік, мультифункционалдылық және жаңа технологиялардың тез өзгеретін векторларына сай жылдам әрекет ету іскерлігі қажет. Тез өзгеретін әлем жағдайында білім беру жүйесіне де өзгеріс қажет екені сөзсіз. Бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау үшін жекелеген ғылымдарға оқыту жеткіліксіз. Бұл идея STEM-білім берудің негізі болды, яғни жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика салалары бойынша бір уақытта дағдылар дамиды.

Филиал тренері Жанар Жұбауова оқытуды интеграциялық және пәнаралық тұрғыда қарастыру қажеттілігін Қызылорда облысының шығармашыл химия пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған семинар-практикумда көрсетті.

Мектептегі химияны оқытудың негізгі мақсаты – білім алушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы проблемалық-ізденушілік, зерттеу іс-әрекеттерін қалыптастыру болып табылады. Химия пәні бойынша қандай да бір ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсіну үшін тәжірибелердің алар орны ерекше. Себебі, химия –эксперименталды ғылым. Әрине, мектепте химиялық эксперименттер мен тәжірибелерді жасауда құрылғылар мен реактивтердің жетіспеуі қиындық туғызады. Дегенмен, қолжетімді материалдар арқылы оқушыларға химиялық тәжірибелерді көрсетуге болады.

Осы орайда, химия пәні мұғалімдері «Табиғи индикаторлар арқылы заттардың рН орталарын анықтау», «Электролиттер мен бейэлектролиттердің электрөткізгіштік қасиетін анықтау», «Катализатор мен ингибиторлар», «Көмірқышқыл газының бөлінуі», «Жануды қолдайтын газ және балауыздың жануы» тәжірибелері арқылы химиялық ұғымдар мен үдерістерді теориялық және практикалық тұрғыда қалай ұштастырып түсіндіруге болатынын көрсетті.

Жанар Жұбауова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы

бойынша филиалының

аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<