Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаны әшкереледі

835

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаны әшкереледі. Жаңа ақпараттық ресурс жұмыс істегелі бергі 2 ай ішінде 91 жалған хабарламаның теріске шығарылуы жарияланды, ал 37 тақырып бойынша түсініктемелер берілді.

Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиаалаяқтықпен байланысты болды. Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасулар мен түсінбеушіліктердің деңгейін төмендету, сонымен қатар оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын еске салу үшін жасалды.

24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<