Страндж кубогі: Ел спортшылары жартылай финалда

648

0

Фото: ашық дереккөз

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық «Странджа-2023» турнирінде 24 ақпанда қазақстандық екі боксшы жартылай финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Халықаралық турнирде ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) өзбекстандық Абдумалик Халоковпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде ол қарсыласынан төрешілер шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.

Ал Нұрқанат Райыс (75 келі) өзбекстандық тағы бір боксшы Алохон Абдуллаевпен шеберлік байқасты. Ол қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Төрешілер шешімімен жеңіс Нұрқанатқа берілді.

Қазақстандық екі боксшы да енді кем дегенде қола медальге ие болады.

Мамандар арасында кіші әлем чемпионаты ретінде бағаланатын турнирде енді Бекзад Нұрдәулетов (80 келі) өзбекстандық Джасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады. Ол бұдан бұрын сербиялық Артем Агеевті тізе бүктірді.

Аталған турнирге ел құрамасынан барлығы 13 боксшы барған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<