«Страндж кубогы – 2022» сайысы өз мәресіне жетті

878

0

Болгарияның София қаласында өткен «Страндж кубогы – 2022» сайысы өз мәресіне жетті. Әлемнің кіші чемпионаты деп аталатын бокс жарысына қатысқан Қазақстан құрамасы 17 медаль жеңіп, топтық есепте 3-орынды иеленді.

«Страндж кубогында» қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс, 9 қола медаль жеңді. 6 алтынмен Өзбекстан бірінші орынға тоқталса, екінші орынға 5 алтынмен Ресей орналасты.

Ерлер құрамасында 54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Махмуд Сабырхан және 86 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай алтын медаль иеленді. Ал Дамир Әбдіқадыр (51 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келі) күміс медаль иегері атанды. Сонымен қатар, Санжар Ташкенбай (48 келі), Тимур Қабдешов (51 келі), Абзал Серік (63,5 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Нұрлан Сапарбай (+92 келі) қола медальді еншіледі.

Қыздар құрамасында 50 келі салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай мен 70 келі салмақта Валентина Хальзова алтын медальді иеленсе, 54 келіде Дина Жоламан мен +81 келі салмақ дәрежесінде Ләззат Күнгейбаева күміс медальді қанжығаларына байлады. Қола медаль жеңгендер қатарында Римма Волосенко (60 келі), Дариға Шакимова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) пен Анастасия Баязитова (81 келі) бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<