Әлеумет айнасы

408

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақтағы азаматтық қоғам институттары 2000-нан астам жұмыс орнын құрып, былтыр 124 әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.

– Республика бойынша 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар болса, 1217-сі облыста тіркелген. Бүгінгі атаулы күнге орай өңірде бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, қауымдастық мүшелерімен кездесу, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйым өкілдері арасында футболдан жолдастық жарыс бастау алды, – деді «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден.

Азаматтық альянс қауымдастығы 2020 жылы жаңа форматта өз жұмысын бастап, оған 73 ұйым мүшелікке қабылданыпты. Қазіргі таңда қауымдастық базасында үкіметтік емес ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсететін СаII-орталық пен сайт іске қосылған. Биыл да бірнеше жоба жүзеге аспақ.

Брифинг барысында Азаматтық альянс «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің директоры Айнакүл Баймаханова экологиялық мәселелерді оңтайландыру бағытындағы жобалары мен негізгі жұмыстарын атап өтті.

Дильназ Темірғали,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

Университетінің 4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<