Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді орналастыру рәсімін аяқтады. Оның қорытындысы бойынша өнім жеткізушілер арасында 2,4 трлн теңге көлемінде қаражат бөлінді.
2024 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша Қор медициналық көмек көрсетуге 2 трлн теңгеден астам сомаға 1 857 денсаулық сақтау саласының субъектілерімен келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар 1 640 субъект қазірдің өзінде 358 млрд теңгеден астам сомаға аванстық төлемді алып отыр. Аванстық төлем төлеу әлі де жалғасып жатыр.
Мәселен, биыл медициналық қызмет жоспары бойынша медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде 2,8 трлн теңгеден астам қаражат, соның 1,2 трлн теңгеден астамы МӘМС бойынша қарастырылған. 2023 жылмен салыстырғанда шығыстар 9%-ға өсті. Салыстырар болсақ, 2023 жылғы сатып алу жоспары 2,5 трлн теңгені құрады.
Стационарлық көмекке шамамен 574 млрд теңге, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке 552 млрд теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке шамамен 414 млрд теңге, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 251 млрд теңге, онкологиялық көмекке 161 млрд теңге, жедел медициналық көмекке шамамен 113 млрд теңге, жоғары технологиялық медициналық көмекке 93 млрд теңгеден астам және медициналық оңалтуға 81 млрд теңге қаражат бағыттау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2024 жылы Денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидасына бірқатар өзгеріс енгізілген болатын.
Өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтіліп, онда төрағаның орынбасары болып денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары лауазымынан төмен емес өкіл белгіленіп, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау (СЭБК) және медициналық және фармацевтикалық бақылау (МФБК) комитеттерінің өкілдері енгізілді.
Сонымен бірге қағидаға комиссия мүшелерінің бұған дейін өтінім берген көмек түрлеріне келісімшарт жасалмаған денсаулық сақтау субъектілеріне баруы қосылып отыр. Қорға өнім жеткізуші жаңа 209 өтінім берілсе, олардың ішінде өңірлік комиссиялар сатып алу рәсімдерін өткізу барысында 117 денсаулық сақтау субъектісіне барды.
Саны 1,5 мың адамнан кем бастапқы медициналық-санитариялық көмек субъектілерінің қызметтерін сатып алуға қатысу үшін және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 3 мың адамнан аз халқы бар бір жылдан астам қызмет көрсету тәжірибесі бар МСАК субъектілері үшін шектеулер енгізілді (бұл жалпы практика дәрігерінің/отбасылық дәрігердің кемінде екі учаскесі).
Айта кетейік, ОМС жүйесін енгізу азаматтарға медициналық көмек көрсетуге жеке өнім берушілерді де тартуға мүмкіндік берді. Осылайша, МӘМС клиникалардың пациент үшін бәсекелестігін ынталандырады. Пациенттің белгілі бір медициналық қызметті қайдан алуға болатындығын таңдау мүмкіндігі пайда болғандықтан, медициналық ұйымдар адамдарды тарта алуы үшін жақсырақ жағдай жасап, қызметті жетілдіруі керек.
Қордың өнім жеткізушілерінің тізімін fms.kz сайтының «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөлімінен табуға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<