Аймақтың нормашығармашылық қызметі

379

0

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Әдiлет органдарының мiндеттерiнің бірі – жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету болып табылады.

Құқықтық актілерді әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерістер мен толықтыру енгізу, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру, жою және оларды жариялау тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларымен мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

Өз құзыреті шегінде қабылданған жергілікті мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары мемлекеттік тіркеуге Әділет департаментіне ұсынылуда.

2023 жылдың І тоқсанында 35 нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге ұсынылып, 27 нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуден өткен.

Әділет департаментімен актілердің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында тіркеуден өткен актілерге қосымша мониторинг жүргізіліп отырады және жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар кеңестер жүйелі түрде өткізіледі.

Н.БОДЫБАЕВ,

Қызылорда облысының Әділет

департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<