Айтып келмейтін апат

300

0

Дала өрті – бұл ешкімге бағынбайтын дүлей, айтып келмейтін апат. Көктем және күз мезгілдері қауіпті кезеңге жатады. Осы уақыт мемлекеттік инспекторлар үшін өте жауапты кезең.  

Өрттен қорғау жұмыстары жылдың төрт  мезгілінде де жасалады. «Барсакелмес» қорығы аумағындағы бекітіліп берілген учакелерде өртті болдырмау  – басты  мақсатымыз. Өздеріңіз білесіздер, өрт табиғаттың баға жетпес байлығы – ағаштар мен жануарларға, орман алқаптары мен адам өміріне үлкен зиян келтіреді.

2024 жылдың 20 наурызында басталған өрт қауіпті маусым Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 4-бабының 61-тармақшасына және мемлекеттік орман қоры аумағындағы ауа-райы жағдайларын ескере отырып  осы жылдың өрт қауіпі бар маусымы Қызылорда облысында 11 қарашада аяқталды. Дегенмен бұл босаңсуға себеп емес.

«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері дала өртінің алдын алу мақсатында Арал ауданы тұрғындары және шаруа қожалықтары арасында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, буклет мен үнпарақтар таратты. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында дала өртінің қауіптілігі жөнінде бірнеше мәрте мақала жарияланды.

 Өрт қай мезгіл болмасын қауіпті, сондықтан табиғатымызды өрттен қорғайық!

Н. Әбдірахманов,

«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының

мемлекеттік инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<