Ардагерлер құрмет төрінде

717

0

Бүгінгі өскелең ұрпаққа айтар дуалы сөзі, бағыт сілтер ұлағатты өнегесі бар қазыналы қарттарымыздың қоғамдағы келелі міндеттерді шешуге ат салысып, ауқымды мәселелерді талқылауда үн қосып отыруы Қызылорда облысында игі дәстүр болып қалыптасқан. Мұнда облыстық ардагерлер кеңесінің төңірегіне топтасқан елге сыйлы, белсенді ақсақалдардың еңбегі зор.

Осы орайда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевтың басқаруымен ардагерлерді әлеуметтік және моральдық қолдау бағытында әрдайым іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Онда әр түрлі салада еңбек еткен 70 жастан асқан ардагерлерге де көңіл бөлінеді. Осындай іс-шара барысында облыстық білім саласы мен облыстық әлеуметтік сала ардагерлеріy құрметтеді.

Облыстық білім саласының ардагері, кезінде №9 КТМ-де аспазшылар дайындау шебері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Хазар Кішкенбаеваны облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов мерейтойымен құттықтап, ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ ардагерлер  Кенжебай Қалиев, Мәдина Әліпбаева, Кәмила Әлиакбарова марапатталды. Одан соң әлеуметтік сала ардагері Генадий Максимнің үйіне арнайы барып, сый-сияпат көрсетілді. Мұндай құрметтеу ізгілікті шарасы жыл соңына дейін жалғасын таба бермек.  

«СБ» ақпарат

<strong>Ардагерлер құрмет төрінде</strong>
<strong>Ардагерлер құрмет төрінде</strong>

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<