Ардагерлер спорттық сайыста бақ сынады

332

0

Фото автордан

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде  «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында, жастар ресурстық орталығының спорт залында 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйым ардагерлерінің арасында спорттық сайыс өтті.

Сайысқа Қызылорда облыстық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі», «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы мен Чернобыль атом станциясы жарылысының зардаптарын жойған және де Тәжік-Ауған соғысы мен білім саласының ардагерлері, Таулы Қарабақ,  «ГКӘТ, ВКШӘТ»   бірлестіктерінің ардагерлері қатысты.

«Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен өткен іс-шараның мақсаты –  ардагерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және оларға құрмет көрсету.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қатысушыларды тіркеп, олардың қан қысымын өлшеді. Одан соң Қазақстан Республикасының  Әнұраны орындалды. 

Аталған сайыстың алғы сөзін алған қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Шахатов Жұмабек Алиханұлы мен «Германиядағы кеңес әскері мен Варшава келісім шарты әскери топ ардагерлері» (ГКӘТ, ВКШӘТ) Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі филиалының ардагері Белманов Кожданбек іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта ардагерлер арасында басқа да сайыс, іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұратынына сенім білдіретіндерін жеткізді.

Айта кетейік, спорттық сайыс 3 кезең бойынша өтті. Алдымен қатысушылар «Шахмат» және «Дойбы» ойындары бойынша сынға түсті. Одан кейін «Қол күрес» арқылы бақтарын сынады. Сайыс нәтижесімен қатысушы командалар І, ІІ, ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарға  арнайы  сый-сыяпат пен дипломдар табысталды. 

Қатысушы ардагерлер сайыстың жоғары деңгейде өткеніне риза болып, іс-шара соңында қонақтармен естелік суретке түсті.

«СБ» ақпарат

Ардагерлер спорттық сайыста бақ сынады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<