Арманға апарар жол – есірткісіз өмір

15

0

Мен үшін есірткіге «жоқ» деп айту – өте маңызды шешім. Себебі, менің болашаққа деген арман-мақсаттарым көп. Алдағы уақытта өзім жақсы көретін мамандықтың иесі болып, үлкен жетістіктерге жеткім келеді. Есірткі атты тажал осы армандарыма жетуге кедергі келтіретінін жақсы білемін. Өйткені, есірткі қолданатын адамдардың өмірі қалайша құрдымға кететінін жаңалықтардан да, айналамыздан да жиі көріп жүрміз.

Мектепте мұғалімдеріміз есірткінің зияны туралы үнемі айтып отырады. Оның ең қауіпті әсері – адам миының қызметін бұзуы. Есірткіге тәуелді адам толыққанды өмір сүре алмайды. Мен білімге ден қойып, жақсы оқығым келеді. Отбасыма көмектесіп, спортпен айналысқанды, достарыммен бірге көңілді уақыт өткізгенді жақсы көремін. Ал, есірткі осындай бақытты сәттердің бәрін біртіндеп жояды.

Сонымен қатар, мен отбасымды өте қатты жақсы көремін және оларды ешқашан ренжіткім келмейді. Есірткі қолданатын адам ең алдымен өз отбасына үлкен зиян келтіреді. Мен ата-анамды бақытты еткім келеді.

Менің ойымша, дені сау, саналы әрі табысты болашаққа жетудің бір ғана дұрыс жолы бар – ол  есірткіге «жоқ» деп айту. Өзім үшін де, жанымдағы достарым үшін де менің таңдауым – осы.

#есірткігеқарсы

Тұрсынов Данияр,

№49 орта мектеп

10-сынып оқушысы

Шиелі ауданы