Балаларды ерте жастан оқытудағы түзету-дамыту әдістемелері

1002

0

«Өрлеу» облыс бойынша филиалының жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 80 педагог қатысты.

Семинар барысында баяндамашылар «Ерте жастағы балалардың дербес әрекеті», «Ерте жастағы балаларды ойын арқылы дамытуда ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету», «Балалардың танымдық қабілетін дамытуда қолданылатын әдістер және ойын тәжірибесі», «Балаларды ерте жастан оқытудағы түзету-дамыту әдістемелері мен технологиялар» тақырыбындағы педагогикалық жобалау әрекетінде қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Балалардың білім алуға құштарлығын оятып, белсенділігін арттыруда мұндай семинарлардың маңызы зор. Семинарға келген балабақша педагогтері алдағы уақытта осындай іс-шаралардың филиалда жиі ұйымдастырылуы тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізетінін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Семинар соңында баяндамашылар институт директорының алғыс хатымен марапатталды.

Ләззат Ташева,

Гаухар Таласбаева,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушылары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<