Базаларда индекстеледі

839

0

Қызылорда «Болашақ» университетінің қоғамдық пәндер, тарих және география кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты М.Насимовтың ғылыми қызметіндегі зерттеулері саяси ғылымдардың өзекті мәселелерін қамтиды. Саяси ғылымдардағы саяси технологиялар, саяси коммуникациялар, әлеуметік желілердегі наразылықтар, саяси жарнама, саяси консалтинг, саяси философияны зерттеп жүрген ғалымдардың бірі. Оннан астам ғылыми мақалалары «Scopus», «Web of Science» базасына енген журналдарға жарияланған. Бүгінде «Scopus» бойынша Хирш индексі 3-ке, ал «Web of Science» бойынша 1-ге тең. Оның еңбектері білім беру процесімен бірге, Қазақстанның ғылымында да қолданылады.

Ол кафедрада «Саяси жарнаманың Қазақстан Республикасында дамуы (2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» университетішілік ғылыми жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2008 жылдан үздіксіз жүргізіп келеді. Аталмыш ынталы жұмыс қаржыландырусыз жүргізілгенімен, көптеген нәтижелер алынды. Соның бір нәтижесі ретінде оның Румынияның Сучава қаласында орналасқан Stefan cel Mare University жарыққа шығаратын «Codrul Cosminului» журналында жарияланған «Election programs and political slogans in Kazakhstan» мақаласын атауымызға болады.

Әрбір сайлау науқаны кезінде саяси партиялар сайлауалды бағдарламалар мен ұрандарды саяси партияның бағыты, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ жүзеге асыру құралдары мен шешілетін іс-шараларды анықтау үшін пайдаланады. Әрбір сайлау науқанының ұраны партиялық имиджді қалыптастыру үшін қажет. Осы мақалада еліміздегі саяси партиялардың 1999 жылдан 2021 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламалары мен ұрандары қарастырылып, әрбір сайлау науқанының негізгі ұғымдары, көзқарастары мен ұрандары қамтылған. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы саяси партияларының сайлауалды тұғырнамаларына шолу жасау арқылы әлеуметтік мәселелер айқындалды.

Зерттеу жұмысында автор Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары мен ұрандарына үш қырынан қарады. Бірінші қыры саяси партиялардың саясаты мен үгіт-насихат ұрандарының қоғамдағы қиындықтарды қалай көрсететінін зерттеу болды. Екіншіден, әлеуметтік қиындықтардың негізгі көрсеткіштеріне сілтеме жасай отырып, қазіргі бес саяси партияны салыстыру кестесі жасалды. Үшінші қырындақазіргі өзекті әлеуметтік мәселелер анықталды.

Өз кезегінде «Codrul Cosminului»журналы бірнеше базаларда индекстеледі. Оның ішінде «Scopus» пен «Web of Science» базаларында индекстелетінін айтқымыз келеді. Университет ғалымының осы мәселелер бойынша ғылыми зерттеуінің жариялануы жетістік дер едік.

Қоғамдық пәндер, тарих және география кафедрасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<