Биыл әскерге 42 мыңнан астам адам шақыртылмақ

206

0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жылы 42 мыңнан астам адамды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы syrboyi.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Үкімет қаулысында облыс және қала әкімдерін әскери қызметке ер адамдарды жіберуді талап етілген жазба көрсетілген.

  1. Заңнамада белгіленген тәртіппен шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырып, 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында 18 бен 27 жас аралығындағы 42 098 ер азаматты мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етсін;
  2. Заңға сәйкес шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз ету керек.

Ішкі істер министрлігіне әскерге шақырылушылар жиналатын және әскерлерге жөнелтілетін орындарда күшейтілген патрульдік қызметті ұйымдастыру тапсырылды.

Қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктеріне әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді тасымалдауға жұмсалған шығындарды оларды тасымалдайтындарға тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шот-фактуралары бойынша өтелуін қамтамасыз ету тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<