Бүгінгі жастар мен жасөспірімдердің алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – есірткіге әуестік. Бұл тек қолдану ғана емес, оны тасымалдау мен таратуға да қатысы бар аса қауіпті қылмыс. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда есірткіге алғаш рет әуестенетіндердің едәуір бөлігі 14–18 жас аралығындағы жастар екен. Бұл көрсеткіш әрқайсымызды ойландыруы тиіс деп ойлаймын.
Кейбіреулер «бір рет байқап көру ештеңе емес» деп ойлайды. Бірақ сол бір қадам адамды қайтар жолы жоқ соқпаққа түсіруі мүмкін. Есірткі – балдай тәтті у: сырттай қызық көрінгенімен, іштен жеп, өмірді улайды. Ал оны тасымалдау немесе біреуге жеткізу өз болашағыңды ғана емес, өзгенің де тағдырын құрдымға жіберу ғой. Ал қылмысқа қадам басу – қара түнекке өз еркіңмен енумен тең. Осы орайда ұлы Абайдың «Адам баласы – ақыл, ғылым, ар, мінезбен озбақ» деген сөзін жадымызда мәңгі сақтағанымыз абзал.
Қорытындылай айтсам, біз – елдің ертеңіміз. Есірткіге қарсы тұру – өмірді, денсаулықты және болашақты таңдау екенін ұмытпайық. Денсаулық бар жерде – арман бар, үміт бар. Сондықтан мен салауатты өмір салтын таңдап, қауіпсіз ортада өмір сүруді таңдаймын.
Дүзелбаева Диана,
«№111 орта мектебі»КММ
9-сынып оқушысы
Қармақшы ауданы
Алдашбай ахун ауылы





