«Екі апта интернет болмайды»: жалған ақпарат

1014

0

Бүгін түрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «2 апта бойы интернет өшеді, барлық онлайн төлемдер қолма-қол тәртібімен жүзеге асады» деген ақпарат тарап кетті. Халықтың алаңдаушылығын тудырған бұл хабарламаға қатысты тиісті ведомоство ресми жауап берді.

Цифрлық даму министрлігінің өкілдері ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растап, барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы қалыпты жағдайда жұмыс істейтінін жеткізді.

Олардың айтуынша, фейк ақпарат ең әуелі Павлодарда тараған. Кейіннен түрлі желілерге шығып, тұрғындар арасында екіұдай пікір туындаған. Дегенмен, министрлік бұл хабарламаны жоққа шығарды.

– Бұл мәселеге қатысты біздің өңірдегі журналистер де маған қоңырау шалып, мән-жайды анықтады. Тұрғындар телеарна редакциясына хабарласып, ақпаратты тексеруді сұраған екен. Қызылорда өңірінде байланыс операторлары жұмысын тоқтатқан емес. Министрлік тарапы да ресми мәлімдеме жасады. Мұның барлығы жалған ақпарат екенін жеткіземіз.Қызылордалық тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйенуге тиіспіз, – деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла.

Айта кетейік, жалған ақпарат тарату заң алдында жауапкершілік жүктейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<