Есірткі-адамзаттың денсаулығына, өміріне, болашағына төнген үлкен қауіп. Бұл зиянды заттар тек адамның денесін ғана емес, жанын да жояды, отбасын күйретіп, қоғамды әлсіретеді. Есірткінің салдары қайғылы жағдайларға, тәуелділікке, қылмысқа, тіпті өмірден ерте айырылуға алып келеді.
Бүгінгі таңда жастар арасында есірткі қолдану мәселесі өзекті болып отыр. Бірақ біз бұл қауіпке қарсы бірігіп, оны тоқтата аламыз. Әрбір адам есірткіден аулақ болып, өз денсаулығын сақтап қана қоймай, жақындарының өмірін қорғауға да үлес қосады.
Есірткіден аулақ болу – бұл өз өміріңе, армандарыңа, болашағыңа жасаған ең үлкен қамқорлық. Біз спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналысып, пайдалы әдеттерді дамытып, есірткісіз өмір сүрудің үлгісін көрсете аламыз.
Біз бір-бірімізді қолдай отырып, дені сау, бақытты, табысты қоғам құра аламыз. Есірткіге «жоқ» деп айту – бұл біздің өзімізді және болашағымызды қорғауымыз. Есіңізде болсын, әрқайсымыздың таңдауымыз – біздің өміріміздің негізі. Есірткіге жол жоқ! Таза өмір – жарқын болашақтың кепілі! Қоғамға пайдалы істермен айналысып, өз өміріңізді есірткісіз өткізіңіз!
Біз бірге күресеміз, бірге жеңеміз!
Перизат Дулатқызы,
Жалағаш ауданы
Жаңадария ауылы
№203 орта мектептің
9 сынып оқушысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<