Қаланың «Шанхай» бетіндегі Сайыпназар Ахун көшесі №7-ші үйдің тұрғыны Бірлік Рахметов 10 жыл көлемінде үйдің көше бетін көгалдандырумен айналысып келеді.
Үйдің сыртқы аумағына әр түрлі жеміс ағаштары (шие, сары өрік, қара өрік, тұт, жиде, алма), одан бөлек сәнағашы, үйеңкі, ерен, сыр талы, қаратал ағаштары отырғызылған.
Жұмыстан кейінгі бос уақытын көгалдандыру ісіне арнаған қала тұрғыны сенбі күні тазалық акциясына да атсалысады. «Көшемізді таза ұстап, көгалдандырып отырсақ, қаламыздың көркейуіне қосқан үлесім деп ойлаймын.
«Жылдан жылға көркейіп жатқан қаламыз әрі қарай да көркейіп, гүлдене берсін деймін» деген Бірлік Жоштайұлы әр қала тұрғынын қаланың тазалығы мен көгалдануына үлесін қосуға шақырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<