Аймақ басшысының қолдауымен көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде жаңалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл шаралар ғимараттардың бірыңғай үлгідегі сәулеттік келбетін қалыптастыру бағытында жасалуда.
Айта кету керек, өткен жылы қаладағы 30-дан астам көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті демеушілер есебінен қайта жаңғыртылған болатын. Биыл 100-ден аса үйдің қасбеті жаңартылуда. Пайдаланып жатқан материалдардың барлығы жоғары сапалы және өңірдің табиғи ерекшелігіне төтеп бере алады дейді мамандар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<