Кредиторлық берешекпен қалай күресуге болады – Алматы облысының бас дәрігерлері сырымен бөлісті

552

0

Кредиторлық берешектің жоқтығы, бір жылда миллиардқа жуық қарыздан құтылу, небәрі 2 күнде кеңес беру мен тексеруден өткізу... Алматы облысындағы медициналық ұйымдары тағы немен таң қалдырғанын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры баяндады.
Бұрын хабарланғандай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов өңірлерді аралап, қалалық және ауылдық елді мекендердегі медициналық ұйымдардың жұмысымен танысып, мәселелерді жан-жақты зерделеу үшін дәрігерлермен кездесулер өткізуде.
Басшының жұмыс сапары 2020 жылдың соңынан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жұмыс істеп келе жатқан Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына барудан басталды.
Сапардың басты мақсаты кредиторлық берешекті өтеу қажеттілігі бағытында болды. Ол  ковид кезеңінде елде жоспарлы ауруханаға жатқызу тоқтатылған кезеңінде қалыптасқан  берешек 800 миллион теңгені құраған.
Бүгінгі күні ұйым дебет пен кредит арасындағы тепе-теңдікті сақтап, кестелер бойынша келісім-шарттардың орындалуын уақытында орындауда, кезеңдер оң сальдомен жабылуда.
«Біз желіні ұстанамыз, бірақ бұл бізге көп күшпен келуде және наразылық толқыны азаяр емес. Негізі, бізге келетін науқастардың үштен бірін ғана емдейміз. Бізге орта есеппен 30 мыңға жуық науқас келеді, олардың біразын амбулаторлық емге қабылдаймыз. Сонымен қатар, шұғыл ауруханаға жатқызу үлесі жыл сайын төмендеуде, қазір ол шамамен 65% құрайды. Төмендетуді қиын науқастарды өзімізде қалдырып, жеңілірек науқастарды ауданға немесе амбулаториялық жатқызуға, кейбіреуін күндізгі стационарда емдету арқылы қол жеткізіп отырмыз», - деді АККА бас директоры Жұмағали Исмаилов. 
Аурухана жыл басында кредиторлық берешектері қалыптасқан еді, ол іс жүзінде өтелді. Бас дәрігер шығынды оңтайландырудың бір сырымен бөлісті – дәрі-дәрмек қордың тексеруін өткізу. Аурухананың дәрілік формуляры бар - бұл ұлттық дәрілік формуляр негізінде медициналық ұйымда қолданылатын барлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімі.
«Тізімде 600-ден астам аталым болды. Мен клиникалық фармакологты шақырдым, апталап жұмыс істедік, тазарттық, нәтижесінде 300 аталым дәрі-дәрмек қалды. Мысалы, кейбір дәрілердің 12 түрлі аналогы анықталды. Бірақ қазір қажетсіз сатып алулар тоқтатылды. Біз сондай-ақ баға саясатын қайта қарадық. Енді дәрі-дәрмектерді есептен шығару автоматты түрде жүзеге асатындай медициналық ақпараттық жүйені 1С: Бухгалтериямен байланыстырдық», - деп атап өтті аурухана басшысы.
Ескі инфрақұрылымға қарамастан, АККА кардиохирургия, ортопедия, ЛОР және кардиохирургия бойынша 27 жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін (еліміздегі ең көп) жасайды, ал кардиохирургия облыста тек осында ғана жасалады. Қазіргі уақытта жаңа ғимарат салынуда, көрсетілетін медициналық көмек түрлерін кеңейту жоспарлануда.
Одан кейін Талғар ауданындағы Бесағаш және Тұздыбастау ауылдарының 14,8 мың тұрғынына қызмет көрсететін «Promedical» медициналық орталығына барды.
Орталық директоры Нұрлан Есмұратовтың айтуынша, мұнда 7 алаң құрылды, оның 2-і педиатриялық. Емхана оларға қызмет көрсеткісі келетіндердің мұндай легін күтпеген еді, бірақ олар қазірдің өзінде ауыр техниканы сатып алумен айналысуда. Ол амбулаторлық-емханалық, консультативтік-диагностикалық, стационарлық көмекті, сондай-ақ медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді.
Негізгі диагностикалық құрал-жабдықтардың (КТ сканері, рентген аппараты, видеогастродуоденоскоп, флюорограф, УЗИ аппараты, ЛОР-комбайн, видеокольпоскоп) және жеке зертханасының болуына байланысты емхана бірлесіп орындауға қызметтің 4 пайызын ғана береді. Жыл соңына дейін маммограф, ал 2024 жылдың 1 тоқсанында МРТ сатып алуды жоспарлап отыр. Бірақ ең бастысы, өткен жылдың соңында да, қазіргі уақытта да кредиторлық берешек жоқ.
Кейінірек Қор басшысы Сәбит Ахметов жеке және мемлекеттік жеткізушілер арасындағы айырмашылық туралы өз пікірімен бөлісті: біріншілері өз қаражатына ауыр техника сатып алуға дайын, қызметтер тізімін кеңейтуде, шығындарды оңтайландыру жолдарын іздестіруде, яғни тек өзіне ғана сүйеніп дамуды көздеп отырғанын байқады.
«Ауыл тұрғындарының аудан орталығынан немесе қаладан шықпай-ақ өз емханаларында қажетті тексерулерден өте алатынының жақсы үлгісін көріп отырмыз. Салыстырмалы түрде шағын МСАК-да жалпы дәрігерлік және негізгі мамандар ғана емес, сонымен қатар аллерголог, ревматолог, гепатолог, дерматовенеролог, андролог, яғни облыстық деңгейде табу қиын дәрігерлер де бар. Емхана басшылығы өз емделушілеріне түрлі медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, жұмысты дұрыс ұйымдастырған. Соның нәтижесінде тіркелген тұрғындар саны артып отырғандығы туралы ойымен бөлісті  Сәбит Ахметов.
Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы Қаскелеңдегі жалғыз стационарлық қызмет көрсететін ұйым. Сондықтан мұнда келетін науқастар легі көп. Күніне 500-ге дейін адам келеді, олардың көпшілігі шұғыл көмекке қайырылады. Айтпақшы, бұл барлық ауруханалардың проблемасы. Егер емханалар диспансерлік науқастарды дұрыс бақылап, дер кезінде амбулаторлық ем жүргізіп, жағдайын ауыр жағдайға жеткізбесе, жағдай жартылай жақсарар еді. Нәтижесінде, бұл аурухана шұғыл түскен науқастарды сапалы медициналық көмекпен қамту үшін жоспарланған ауруханаға жатқызуды азайтуға мәжбүр.
Аурухананың емханасына 275 мың адам тіркелген, ал Қарасай ауданында  400 мыңға жуық адам тұрақты тұрады. Бұл аудандық емханада халық саны  республика бойынша ең көп тіркелген емхана. Қор басшысы аурухана директорының өзін әкіммен немесе денсаулық сақтау басшысы салыстыруға болатынын айтып әзілдеді. Өйткені оның ауруханасына тіркелген азаматтар саны Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірдей.
Алматы облысының ерекшелігі – жеке перинаталдық орталық жоқ. Облыстық аурухана базасында перинаталдық бөлімше жұмыс істейді. Дәрігерлердің айтуынша, Жетісу өңіріндегі перинаталдық орталыққа қарағанда мұнда әйелдерді босандырулар жағдайлары көп. Айта керелігі, Қор есебінен босану жағдайлары әрқашан төленеді, оларға сызықтық шкала қолданылмайды, бірақ стационарлық көмектің басқа түрлері бойынша көлемдер кесіледі. ӘМСҚ басшысы жаңа жылдан бастап бұл саланы қаржыландыру басқаларға әсер етпеуі үшін босандыру қызметтерді бөлек лотқа шығару жоспарланып отырғанын атап өтті.
Қонаев қаласының қалалық көпсалалы ауруханасынын хирургия бөлімінде урологиялық және ЛОР төсек-орындары бар, жақ-бет хирургиясында травматология және нейрохирургия төсек орындары, гинекология және перзентхана, неврологиялық терапия бөлімінде пульмонологиялық төсек-орындары, реанимация бөлімі, балалар соматикалық бөлімшесі және облыстағы жалғыз жұқпалы аурулар бөлімшесі бар. Мұнда облыстағы басқа ауруханалардағыдай қаржыландырудың шектеулі болуына байланысты ауруханалардың толық жүктемесі қолданылып отырған жоқ. Бұл облыс орталығындағы жалғыз аурухана екенін ескерсек, мұнда қажеттілік жоғары болып отыр. Қабылдау бөлмесіне келетін науқастардың көп ағынын ескерсек, аурухана қаржылық қысымға төтеп бере алмас еді. Ауруханада алғашқы медициналық-санитарлық көмектің болуы жағдайды сақтап қалуға көмектеседі, өйткені емханаға ай сайын бекітілген тұрғындар үшін жан басына шаққандағы кешенді норматив алынады, оның саны 76,8 мың адамды құрайды. Тиімді басқару кезінде қаражат аурухананың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті.
Аурухананы 2017 жылдан бері басқарып келе жатқан бас дәрігер Айман Рақышева 2023 жылдың аса ауыр болғанын атап өтті. Мұнда барлық еш уақытта олар кредиторлық қарыз болғанын атап өтті. Алайда, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігіне байланысты еңбекақы  төлеу қорының шығындары 82 пайызға дейін өскен. Аурухана облыс үшін негізгі ауруханаға айналғандықтан стационарлық штат саны өсті, көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің тізбесін кеңейіп,  жаңа бөлімшелер құру  қажеттілігі туындаған. «СК-Фармациямен» есеп айырысуда да қиындықтар бар: бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді сатып алып, оларды үлкен көлемде жеткізеді, медициналық ұйым оны бірден төлей алмайды, нәтижесінде қарыз пайда болады. Аурухана СКФ-ден кестені жасап және оған сәйкес препараттарды жіберуді сұрайды. Қарызға батып қалмау үшін менеджерлер барлық мүмкіндіктерді іздеп, шығындарды оңтайландыру үшін кейбір қызметкерлердің жүктемелерін төмендеткен. 
Аурухана барлық дерлік медициналық қызметтерді өзі көрсетеді, 2%-дан азы ғана бірлесіп орындауға жіберіледі. Емханаға келушілер жеткілікті екенін байқауға болады, бірақ дәліздерде кезек күтіп, әбігерге түскендер, дау-дамай жоқ. Олар мұны халықпен дұрыс жолға қойылған жұмыс, дәрігерлердің қабылдау кестесінің ыңғайлы реттелгендігімен түсіндіреді. Сонымен қатар, ғимараттағы атмосфераның өзі де келушілерге оң әсер ететінін айтып өткен жөн. Барлық жерде динамиктер орнатылған, олардан жағымды музыка естіледі. Бұл бас дәрігердің ойлап тапқан ерекше қадамы деуге болады. Медициналық мекемеге келген пациенттер, әдетте, шаршаған және жүйке жүйесі сыр берген күйде келеді. Оларды тыныштандырып, тыныш күйге келтіру үшін 90-шы жылдардағы хиттер және заманауи аспаптық композициялар көмектеседі. Міне, осындай стандартты емес тәсіл қолданылуда.
Қор басшысымен әңгімелесу барысында аурухана басшысы жыл басында толығымен қаржыландыру көлемін жасап қойса, медициналық ұйым өз жұмысын жоспарлауға жағдай болатынын еді, деген тілегін білдірді. Өйткені әдетте  қосымша қаржыландыру көздері екінші жартыжылдықта бөлінеді, бұл бөлінген соманы  толық игеруге  аз уақыт қалатынын,ал  жыл басынан бастап  берілсе айлар бойынша жоспарлауға  мүмкіндік болатынын айтты.
Медициналық ұйымдарды аралау барысында Сәбит Ахметов жергілікті дәрігерлермен де тілдесті. Міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігіне халықтың қалай қарайтыны, халықты медициналық сақтандырумен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар  бойынша қызығушылық танытты.
«Бұрын жағдай қиынырақ еді. Енді халық МӘМС жарнасын аудару арқылы тегін медициналық көмек алуға болатынын, әсіресе операция қажет болғандағы тиімділігін жақсы түсінеді.Біз сақтандырылғандар санының оң динамикасын байқап отырмыз. Дегенмен, билікке бұл бағытта тек дәрігерлер ғана емес, әкімдік, жұмыспен қамту орталығы, салық басқармасының қатысуы қажеттілігін жеткізгім келеді», – деп атап өтті жалпы практика дәрігерлері.
 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<