«League of chemists» IV ұлттық интеллектуалды ойын

285

0

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетіфизикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасыжақында 1-курс РhD докторанттарының педагогикалық практика аясында және Тұрақты даму мақсатының 4-пункті бойынша (ЦУР) кафедра оқытушылары, 1-курс докторанттар, студенттердің ұйымдастыруымен Алматы қаласының ЖОО студенттері арасындағы IV ұлттық “League of chemists” интеллектуалды ойыны жоғары деңгейде өтті.

«League of chemists» интеллектуалды ойынының негізгі мақсаты достық қарым-қатынасты кеңейту және студенттердің ғылыми потенциалын арттыру болып табылады. Студенттердің ойынға белсенді қатысуы олардың химияны оқуға деген қызығушылықтары мен ынталарын көрсетеді.

Іс-шара барысында студенттер химия пәні бойынша білім деңгейлерін арттырып қана қоймай, өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін, бәсекеге қабілеттіліктерін көрсете білді.

Интеллектуалды ойынға жеті команда: Ideal(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Осмий (Абай атындағы ҚазҰПУ), H2O (Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ), The teachers (СДУ), Монооксид Дигидрогена (Satbayev University), Катализаторлар квартеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Кристальные умы (КБТУ) қатысып, олар ақшалай сыйлықтармен, сертификаттар және дипломдармен марапатталды. Командаларды ұйымдастырушы оқытушыларға алғыс хаттар берілді.

Ойын төрт турдан тұрды: таныстыру, блиц-тур, практикалық тапсырма, қара жәшік. Әр турдың өз ерекшеліктері болды. Қатысушылар мен қонақтарға кофе-брейк ұйымдастырылып, қонақжайлылық танытылды. Интеллектуалды ойын өткізуде жинақталған тәжірибе болашақта студенттерді ғылыми және білім беру іс-шараларына тарту үшін осы форматты одан әрі жалғастыруға негіз бола алды. 

А.А.Батырбаева,

А.К.Жусупова,

Р.Н.Ажигулова

физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасы оқытушылары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<