Мәжілісте маңызды міндеттер тапсырылды

297

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов мәжіліс отырысын өткізді.

«Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына өз Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысының Жолдауын сапалы әрі дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Үкіметте және облыста нақты шаралар қабылдануда.

Облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте Жолдаудан туындайтын міндеттер мен іске асырылуы арнайы талқыланды.

Аймақ басшысы Жолдауда белгіленген тапсырмаларды толыққанды іске асыруды қатаң тапсырды.

Ендігі кезекте біз Жолдауда айтылған барлық бағдар бойынша нақты шаралар қабылдап, сапалы іске асыруға тиіспіз.

Президент реформаларын іске асыруда Жалағаш ауданы ағаттық танытпау керек есептеймін.

Жолдау – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған»,-деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет. Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады деп Президент Жолдауда нақты айтты.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі кент және ауыл округ әкімдерімен бірлесіп елді-мекендерде бизнес бастауға мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктерді, бағдарламаларды насихаттау, ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Президент тапсырмасымен былтырғы жылы қабылданған «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2023 жылы 179,7 млн. тг. құрайтын 22 жоба қаржыландырылса, биылғы жылы құңы 103,2 млн. тг. құрайтын 19 жобаның құжаттары дайындалды. Мемлекеттен берілетін тиімді мүмкіндікті кеңінен пайдалану мақсатында қосымша ұсыныстар дайындау қадеттігін тапсырды.

Президент Жолдауда орта білім беру жүйесі маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша 21 мектеп салыну жоспарланса, Жалағаш кентінен 300 орындық 1 мектеп салынатын болады.

Мемлекет басшысы Жолдауда 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау қажеттігін айтқан аудан әкімі Ардақ Ибраимов, мектеп жасындағы балаларға ерте кәсіптік бағдар беру бағыттағы жұмыстарыңызды жүйелеуді тапсырды.

Елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама.

Президент Жолдауда осы маңызды жобаға айрықша тоқталып, экологиялық акцияның мәні мен мазмұнын ашып берді.

«Бұл – уақытша науқан емес. Жоба жыл бойы жалғаса береді. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет.

Жобаның елді мекендерде сапалы жүзеге асуына кент және ауылдық округ әкімдері тікелей жауаптысыздар. Халыққа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіру қажет»,-деді Ардақ Ибраимов.

Жолдауда көтерілген тағы бір мәселе – азаматтардың қауіпсіздігі.

Жеке адамнан бастап тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар басымдық деп Президент атап өтті.

Осы бағыттағы аудан бойынша жоспарланған жұмыстарды күшейтіп, бақылауда ұстауды қатаң тапсырылды. Әсіресе, жасөсіпірмдер арасындағы құқықбұзушылықты, топтық төбелесті, әлімжетіктің алдын алу қажеттігін айтты.

«Орынбасарлар – Сіздерге өз салаларыңыздағы жұмысты үйлестіруді және қатаң бақылауға алуды тапсырамын!

Тиісті сала, мекеме басшылары Жолдауда белгіленген тапсырмаларды іске асыруда әрбіріміз барлық күш жігерімізді салуымыз керек.

Президент реформаларын аудан аумағында жүзеге асыру жұмыстары одан әрі жалғасын табуы қажет»,- деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<