Маңғыстау облысында бір отбасы газға уланды: Үш адам қаза болды

205

0

Фото: Н.Нұржаубай

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Ақтау қаласына жақын жерде орналасқан тұрғын алабында үш адамның өмірін қиған қайғылы оқиға болды. Мәліметтерді жергілікті билік растады. Бұл туралы Syrboyi.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 ақпанда Мұнайлы ауданында орналасқан «Қаламқас» тұрғын алабында өрт болды.

Бір отбасының төрт мүшесі көмірқышқыл газынан уланған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, оның екеуі – жасөспірім. Бір адам аман қалды. Ол ауыр халде облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілгенін хабарлады. Басқа да қажетті қолдау шаралары қабылданды дейді.

Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жылыту пешінің мұржасы болмаған. Осының салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне жайылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<