Мемлекеттік қызметтің имиджі

7

0

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады.

Департаменттің мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі табиғи монополияларды реттеу мен бақылау саласының саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды».

Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтік сапасына байланысты.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, Департаментке 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 7 арыз түсіп, олардың: 2 – бас тартылып, 5 – қанағаттандырылды.

2025 жылы 133 өтініш келіп түсіп, оның 24 – басқа мемлекеттік органдарға жолданды, 76 – қанағаттандырылды/түсіндірілді, 4 – назарға алынып, 26 – тоқтатылды, 3 – қарауда болды.

Азаматтардың барлық өтініштері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес белгіленген мерзімде қабылданып, қаралуда.

Сонымен қатар, тарифтерді бекітуге өтінімдерді қарау кезінде 16 жария тыңдау, 3 тарифті қалыптастыру мәселелері бойынша өңірлік комиссия отырысы, 16 қоғамдық қабылдау (оның ішінде Аманат партиясында – 4), облыстық телекомуникациялар орталығында 4 брифинг, теледидардан тікелей эфирде 2 сұхбат, журналистердің қатысуымен 4 баспасөз турлары өткізілді және бұқаралық ақпарат құралдарында 340 ақпарат жарияланды.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін  қалыптастыру  шеңберінде Сыбайлас жемқорлықққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру мен мемлекеттік  қызметшілердің мінез-құлқының этикалық нормаларын нығайту мақсатында 2025 жылы 7 семинар-жиналыс өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түсіндіру- насихаттау жұмысы жүргізілді.

Одан бөлек, өскелең ұрпақ арасында жалпы мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және оларды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Департаментте жоғары және орташа арнаулы оқу орындарының студенттері үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Департаментте штат бойынша 8 мемлекеттік қызметшіден нақты 7 қызметші жұмыс атқарады. 

Қазіргі уақыт жағдайында Департаментте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне үлкен көңіл бөлінеді және келесі шараларға негізделген:

  • мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын ілгерілету;
  • қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру, оның қызмет тиімділігін арттыру.

Осылайша, Әдеп жөніндегі уәкілдің басты жұмысы қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2025 жылы 2 және 4 тоқсандарда 2 анонимді сауалнама жүргізіп, жалпы моральдық жағдайдың қалыпты екені анықталды. 

Г.Маханов,

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі